JS Corporex - шаблон joomla Mp3
shape1

Компания туралы

aboutus

«Smart Сom» компаниясы – жүйелік интеграция, инфрақұрылымдық шешімдер, сервистік қызметтер, консалтинг саласында жұмыс істейтін жетекші қазақстандық АКТ-компаниялардың бірі – 2001 жылы құрылған.

Smart Com қызметінің негізгі бағыты — мемлекеттік секторда да, тап солай коммерциялық құрылымдарда да ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, инженерлік жүйелер мен ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша ірі, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру.

 

Smart Com негізгі құзыреттіліктері

 

Қазақстан нарығында жұмыс істеген жылдардың ішінде Smart Com мамандары жоғары енгізу сапасының стандарттарына сәйкес келетін әр түрлі масштабтағы және күрделілік деңгейіндегі ондаған АТ-жобаларды орындады. Бүгінгі таңда Компания сенімді атаққа және тапсырыс берушілердің лайықты сеніміне ие.

«Smart Сom» компаниясының консалтингке, жабдықты сатуға өткізуге, интеграцияланған әкімшілік және өндірістік кешендерді жобалауға, құрастыруға және сүйемелдеуге қатысты сапа менеджменті жүйесі ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкестікке сертификатталған.

Жүйелердің үзбей жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, Компанияда Сервистік Орталық жұмыс істейді, оның міндеттері қызмет көрсетілетін жүйелердің жалпы сенімділігін арттыру және штаттан тыс жағдаяттардың санын қысқарту болып табылады. Сервистік Орталықтың инженерлерінің біліктілігі тиісті сертификаттармен және міндетті түрде тұрақты емтихан тапсырумен расталады.

Біздің Мұратымыз
 
Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу және сапалы сервис ұсыну арқылы Қазақстан Республикасында Ақпараттық Технологияларды заманауи деңгейге шығару.
 
Біздің жұмыс принциптеріміз

 

  • Жұмыста шапшаңдық және икемділік

  • Әр клиентке деген дара көзқарас

  • Тапсырыстарды өңдеудің максималды жылдамдығы

  • Клиентке бағдарлану

Біздің командамыз
 
Компанияда тұрақты қолданыстағы оқып-үйрету және біліктілікті арттыру бағдарламаларының есебінен жаңа технологияларды игеру мен алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге ие болу бағытында үзбей жұмыс істейті дарынды мамандар.
Олардың әрқайсысының жұмысы қызметтің барлық салалары мен біз көрсететін қызметтердің түрлерінде кәсіпқойлықтың үлгісі болып табылады.
 
Біздің серіктестеріміз
 
«Smart Сom» компаниясы әлемдік АТ-индустрия көшбасыларымен тығыз ынтымақтастық құрады және төмендегілер секілді өндірушілердің жоғарғы серіктес статустарына ие:
 
  • Fujitsu Technology Solutions

  • NetApp

  • Oracle

  • АРС by Schneider Electric

  • T-платформы

  • Cisco

  • Microsoft

  • VMWare

  • Brocade

  • Symantec

 

Біздің тәжірибеміз
 
Іске асырылған жобалардың тәжірибесін, жұмысқа жауапкершілікпен қарауды, өз клиенттерімізбен бірге қол жеткен нәтижелерді негізге ала отырып, және АКТ нарықтың қазіргі және жаңа бағыттарын белсенді дамыта отырып, «Smart Сom» компаниясы ұшқыр өсуде және өзекті технологиялық міндеттерді шешудің жаңа, тиімді құралдарын ұсынады.
«Smart Сom» компаниясы клиенттермен қарым-қатынастарын ұзақ мерзімді және өзара пайдалы негізде құраты сенімді іскер серіктес болып табылады.