JS Corporex - шаблон joomla Mp3
shape1

Деректерді Өңдеу Орталықтарын жобалау

archdc

Дата-центр (Data Center) — серверлік және коммуникациялық жабдықты орналастыруға арналған, әр түрлі байланыс арналарына қосылған арнаулы алаңша (гермозона). Орыс тіліндегі терминологияда дата-центр деректерді сақтау және өңдеу орталығы (ДСӨО), не болмаса деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) деген орнықты атауға ие болды.

«Smart Сom» компаниясының мамандары мен жобалаушылары Тапсырыс берушінің талаптарының негізінде кез келген көлемдегі кәсіпорындар үшін ДӨО оңтайлы әрі сенімді концепциясын әзірлейді.

ДӨО есептеу және инженерлік инфрақұрылымын жобалау кезінде «Smart Сom» компаниясы әр түрлі өндірушілердің (Fujitsu, NetApp, Oracle, Cisco, VMware) оңтайлы компоненттерінің таңдалымын ұсынады, оларды тәптіштеп пысықтауды және іске пайдалануда үнемді және белгілі бір міндеттерге арнап икемді бапталатын біртұтас кешенді шешімге интеграциялауды орындайды.

Бас мердігер және Сіздің байланыстағы тұлғаңыз ретінде, Біз жобаны іске асырудың бүкіл үдерісін үйлестіреміз. Максималды өнімділікті тек оңтайлы өзара келістірілген компоненттері бар IT-инфрақұрылымдар ғана қамтамасыз ете алады. «Smart Сom» компаниясы ондай келістіруді жобалау сатысының өзінде-ақ іске асырады, бұл Сізге іске пайдалану және қызмет көрсетудің барысында пайда алуға мүмкіндік береді.

ДӨО жобалау кезінде қойылатын негізгі талаптар төмендегілер болып табылады:
  • Электр қуатымен жабдықтау жүйесінің жоғары сенімділігі, соның ішінде кепілді әрі үзбей электр тогымен қоректендіруді қамтамасыз ету;

  • Климаттық жағдайларды (ылғалдылықты, температура мен ауаның қозғалысын) прецизиялық кондиционерлеу жүйесінің көмегімен жабдықтың жұмысы үшін оңтйлы деңгейде сақтау;

  • Кабельдік трассаларды ұйымдастыру үшін жеткілікті жалған едендер;

  • Үй-жайдың шаңнан және ылғалдан қорғалуы;

  • Қауіпсіздік жүйесін (периметрдің күзеті, ҚББЖ, видеобайқау) енгізу жолымен дата-центрдің үй-жайлары мен есептеу ресурстарын сенімді қорғау;

  • Арнаулы өрт сөндіру жүйесі;

  • Тәулік бойына техникалық қызмет көрсету және қолдау;

  • Абоненттермен үзбей деректер алмасуды қамтамасыз ету үшін байланыс арналарын телнұсқаландыру;

  • Есептеу ресурстары мен қызмет көрсету жабдығын орналастыруға арналған үлкен аудан.

IT консалтинг сұрау жасау