JS Corporex - шаблон joomla Mp3
shape1

Деректерді Өңдеу Орталықтарын құрастыру

builddc

ДӨО есептеу және инженерлік инфрақұрылымын жобалау кезінде «Smart Сom» компаниясы әр түрлі өндірушілердің (Fujitsu, NetApp, Oracle, Cisco, VMware) оңтайлы компоненттерінің таңдалымын ұсынады, оларды тәптіштеп пысықтауды және іске пайдалануда үнемді және белгілі бір міндеттерге арнап икемді бапталатын біртұтас кешенді шешімге интеграциялауды орындайды.

Деректерді Өңдеу Орталықтарының инфрақұрылымы мынадай бірнеше негізгі талапты қанағаттандыратын болуға тиіс: қолжетімділік, өнімділік, өзгерістерге дайындық, жоғары сенімділік және басқаруға көнбістік.

Дата-центрдің сәулеті мен компоненттерін таңдаудың базалық принциптерінің бірі – масштабтандыруды анағұрлым тиімді жүзеге асыруға және ұзақ жылдарға жоспарланатын, бірақ жаңа технологияларға көше отырып, үнемі жаңғыртылатын объектіде елеулі үнемдеуге мүмкіндік беретін модульдік дизайн.

«Smart Com» тәжірибесіне сыни мағызды қосымшалардың жұмысына арналған, дата-центрлердің барлық қосалқы жүйелерін құратын және қолдайтын алапатқа орнықты ДӨО құру кіреді, атап айтқанда:
  • ДӨО инженерлік инфрақұрылымы

  • ДӨО инженерлік жүйелерінің мониторингі мен басқару жүйесі

  • Есептеу платформлары

  • Кластерлер мен суперкомпьютерлер

  • Виртуалдандырудың қосалқы жүйесі

  • ДӨО ішіндегі корпоративтік ақпараттық жүйелерді пайдаланушылардың міндеттерін виртуалдандыруға және топтастыруға арналған «жекеге бұлт» класының шешімдері

  • Деректер сақтаудің қосалқы жүйелері

  • Деректерді резервтік көшіру және қалпына келтіру жүйелері

  • ДӨО желілік инфрақұрылымы

  • ДӨО бүкіл инфрақұрылымының мониторингі мен басқарудың қосалқы жүйесі

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қосалқы жүйесі

  • Мобильді ДӨО

IT консалтинг сұрау жасау