JS Corporex - шаблон joomla Mp3
shape1

Деректерді Сақтау Жүйелері

storageshw

Ұйымдардың көпшілігінің ең құнды активі ақпарат болып табылады. Сондықтан, компанияның тиімділігін арттырудың ең дұрыс амалдарының бірі – әр түрлі көздерден келіп түсетін деректерге қол жеткізуді оңтайландыру, оларды құрылымдандыру, бұрмалаудан және ысыраптан қорғау.

«Smart Сom» компаниясы корпоративтік ақпараттың сенімді сақталуын, иеленудің төмен құнын, жоғары қолжетімділігі мен ыңғайлы іздеуді қамтамасыз ететін Деректерді Сақтау Жүйелерін (ДСЖ) іске асыруды ұсынады.
Егер ақпараттың үлкен көлемдерін тиімді сақтауды ұйымдастыру қажет болса, «Smart Com» ірі кәсіпорындар үшін неғұрлым жақсы дәрежеде лайықты Деректер сақтау желілерін (Storage Area Network, SAN) пайдалануды ұсынады.
Бұл орайда, Деректер Сақтау Жүйелерін енгізу бойынша жобалар дербес болуы да, тап солай Тапсырыс берушінің IT – инфрақұрылымын жаңарту бойынша ірі кешенді жобалардың бір бөлігі болып табылуы да мүмкін.

ДСЖ құрастыру кезінде «Smart Сom» компаниясы мына әлемдік вендорлардың жүйелері мен жабдығын пайдаланады: Fujitsu, NetApp, Cisco, Oracle, Brocade.

IT консалтинг сұрау жасау